1. «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығына 6–қосымша
«Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.05.2019 жылғы № 274 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 20 маусымнан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 22.05.2020 жылғы № 117 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 9 (тоғыз) жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін өтініш жасаған кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтінішті қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру туралы өтініш;
2) жоспарланған құрылыс аумағының және оған іргелес аумақтың топографиялық жоспарының электрондық көшірмесі (топографиялық жоспардың көшірмесінде тау-кен геологиялық жағдай, қолда бар және жоспарланған құрылыс контуры, тау-кен бөлінісінің шекарасы, құрылыс объектісіне тау-кен игерудің зиянды әсер ететін аймақ шекаралары көрсетіледі);
3) электрондық түсіндірме жазба.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру үшін ұсынылған материалдар, объектілер, деректер және мәліметтер Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 367 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17049 болып тіркелген) Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорация басшыларының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым беру жолымен жолданады. Көрсетілетін қызметті беруші басшысының мекенжайы және телефоны: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі, 32 үйі, 204/1 кабинет, телефоны: 8 (7172) 39-02-32 .
Шағымдар жазбаша түрде пошта бойынша не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорациясының кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі. Сондай-ақ шағымды электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс, бейнеөтініш нысанында беруге болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) көрсетіле отырып, оны тіркеу шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымды портал арқылы жібергеннен кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» оны мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отыратын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауап) шағым туралы ақпаратқа қол жеткізуге болады.
Бейнеконференцбайланыс тәсілімен шағымның жолдануы «электрондық үкімет» порталы арқылы іске асырады.
Бейнеөтініш тәсілімен шағымның жолдануы Мемлекеттік корпорацияның филиалдары арқылы іске асырылады.
Жеке тұлғаның шағымда – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымда оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Шағымға көрсетілетін қызмет алушы немесе оның сенімхат бойынша өкілі қол қоюға және оны енгізуге тиiс.
Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңседе қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз тасығышта берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптары
13. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы бар болған жағдайда ғана веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алады.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.miid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» деген бөлімде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» деген кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
____________________________________________________________ (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының атауы)
Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат
|
|
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауы, өтініш берушінің мекенжайы |
_________________ қаласы 20 __ жылғы «___» ___________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру туралы қараудың нәтижесі)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(құрылыс объектісінің географиялық координаттар бойынша орналасқан жері, мекенжайы)
Қосымша: __________________________________________________________
Рұқсат берген органның басшысы ______________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
«Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан
_____________________________
(облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының, астананың жергілікті атқарушы органдары)
_____________________________
(жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), жеке сәйкестендіру нөмiрi, мекенжайы)
_______________________ атынан
Өтінім пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру туралы
_____________________________________________________ пайдалы қазбалар
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауы)
жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беруді сұрайды.
Құрылыс салу объектісі: ________________________________________________
Географиялық координаттағы объектінің орналасқан жері:
|
Бұрыштық нүкте № |
Бұрыштық нүктелердің координаттары |
||||||
|
Солтүстік ендік |
Шығыс бойлық |
||||||
|
градустар |
минуттар |
секундтар |
градустар |
минуттар |
секундтар |
||
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
... |
|
|
|
|
|
|
|
Алдағы құрылыс учаскесінің астында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы қорытындының нөмірі және уақыты: ______________________
Қосымша: 1) __________________________________________________
2) __________________________________________________ (қол қоятын адамның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
20__ жылғы «____»_____________
Полная версия

