Близость слов: Окончание:





2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 426-V Заңы
Осы Заңның орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермеді ҚР 11.07.2017 жылғы № 91-VI Заңына сәйкес
Редакция 07.10.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. 2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.03.2016 жылғы № 470-V Заңына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 07.10.2016 жылғы № 15-VI Заңына сәйкес (05.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1) кiрiстер – 7 648 362 885 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша – 3 918 018 771 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша – 272 651 673 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 9 504 814 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша – 3 448 187 627 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 223 163 225 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 315 031 873 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 91 868 648 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 282 143 545 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу – 285 913 545 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 3 770 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы – -902 686 115 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 2,0 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 902 686 115 мың теңге.
2-бап. 2016 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 40 069 888 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 7 325 376 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.
2-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.03.2016 жылғы № 470-V Заңына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 07.10.2016 жылғы № 15-VI Заңына сәйкес (05.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2016 жылға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемдерi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептелетiн болып белгiленсiн:
Полная версия
ИС BestProfi