Близость слов: Окончание:





Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 қазанда № 12221 болып тіркелді
Редакция 10.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және  3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Қорғаныс министрі 
________________ И. Тасмағамбетов 
2015 жылғы 29 шілде
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
________________ Е. Досаев 
2015 жылғы 24 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрі 
________________ Қ. Қасымов 

2015 жылғы 9 шілде
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Энергетика министрі 
________________ В. Школьник 
2015 жылғы «___» ___________
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 2015 жылғы 30 сәуірдегі
 № 547 бұйрығымен
 бекітілген
Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары
1. Осы Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабы 23-10) тармақшасына сәйкес әзірленген және автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған техникалық әсер ету (диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу) іс-шаралар кешенін жүргізу тәртібін анықтайды.
Полная версия
ИС BestProfi