Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.09.2020
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 2015 жылғы 28 тамыздағы
 № 666 бұйрығына
 3-қосымша
«Бербоут-чартер тізілімінде теңіз кемелерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 6 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.08.2020 жылғы № 433 Бұйрығына сәйкес
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.10.2019 жылғы № 813 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.12.2019  жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 03.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Бербоут-чартер тізілімінде теңіз кемелерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Портының теңiз әкiмшiлiгiмен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – порталы) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
1) бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдік теңіз кемесіне Мемлекеттік тутын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру;
2) кеменi бербоут-чартер тiзiлiмiнен шығару;
3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11354 болып тіркелген «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 558 бұйрығымен бекітілген «Бербоут-чартер тізілімінде теңіз кемелерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген негіздеме бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2-бөлім. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiндегi құрылымдық бөлімшелердегі көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкердің) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтінішті мен басқа құжаттарды (бұдан әрі – өтінішті) беру негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдардың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің он бес минуттың ішінде тіркеу нөмірі мен күнін көрсете отырып, өтінімді қабылдауы және тіркеуі;
2) өтініш тіркелген сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің Порт қадағалау және кемелерді тіркеу бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) стандарттың 10-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкесттікке тоғыз жұмыс күн ішінде (куәлiк беру үшін) және бір жұмыс күні ішінде (куәлiктің телнұсқасын, кеменi бербоут-чартер тiзiлiмiнен шығару) өтінішті қарауы;
3) белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда құжаттарды алу сәтінен бастап бір сағат ішінде басшымен куәлікке (куәлiктің телнұсқасына) немесе негіздеме бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапқа қол қою немесе кеменi бербоут-чартер тiзiлiмiнен шығару;
4) тіркелген куәліктерді (куәлiктің телнұсқасын) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы көрсетілетін қызметті алушыға оны тіркеген күні беруі.
6. Мына рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіздеме болып табылатын мемлекеттiк көрсетілетін қызмет бойынша рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызмет алушының ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының Бөлімге қарау үшін қарары;
3) куәліктерді (куәлiктің телнұсқасын) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы рәсімдеу;
4) куәліктерді (куәлiктің телнұсқасын) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы беру.
3-бөлім. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiндегi көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оның орынбасары;
8. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:
1) кеңсе қызметкері тіркеу нөмірі мен күнін көрсете отырып, өтінімді тіркейді, содан кейін он бес минуттың ішінде көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысына және (немесе) оның орынбасарына жібереді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары төрт сағат ішінде құжаттарды қарайды және оларды Бөлім басшысына береді;
3) Бөлім басшысы бір сағат ішінде құжаттарды қарайды және оларды жауапты орындаушыға береді;
4) өтініш тіркелген сәттен бастап жауапты орындаушы стандарт 10-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкесттікке тоғыз жұмыс күн ішінде (куәлiк беру үшін) және бір жұмыс күні ішінде (куәлiктің телнұсқасын, кеменi бербоут-чартер тiзiлiмiнен шығару) өтінішті қарайды;
5) белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда құжаттарды алу сәтінен бастап бір сағат ішінде басшымен куәлікке (куәлiктің телнұсқасына) немесе негіздеме бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапқа қол қояды немесе кеменi бербоут-чартер тiзiлiмiнен шығарады.
4-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсеткен кезде көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушы үдерістері (іс-қимылдары) реттілігінің және жүгіну тәртібі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысушы ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылының № 1, 2 диаграммаларында көрсетілген:
Бербоут-чартер тізілімінде кеменi мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу үшін:
1) 1 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының Порталда мемлекеттік қызметті таңдауы, жеке кабинетке кіруі, оның құрылымы мен форматты талаптарды ескере отырып (деректерді енгізу), көрсетiлетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін алуға электрондық сұрау салудың нысанын толтыруы, оған өзінің ЭЦҚ қоюы;
2) 2 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ жіберу;
1 шарт - ЖТ/ЗТ МДҚ–да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің болуын тексеру;
3) 3 үдеріс - ЖТ/ЗТ МДҚ–да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің жо болуына байланысты деректерді алу мүмкінсіздігі себепті сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;
4) 4 үдеріс - электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркеу;
2 шарт – Ақпараттық жүйе көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық сұрау салуды тексеруді жүзеге асырады;
5) 5 үдеріс - 2 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
6) 6 үдеріс - тіркеу куәліктерін шығару және көрсетiлетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына орнатуға сілтемелер берілген тіркеу куәліктері сәтті шығарылғаны туралы хабарлама жіберу.
алып тастау туралы куәлігі алуға сұрау салу ұсынған кезде:
1) 1 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының Порталда мемлекеттік қызметті таңдауы, жеке кабинетке кіруі, оның құрылымы мен форматты талаптарды ескере отырып (деректерді енгізу), көрсетiлетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін алуға электрондық сұрау салудың нысанын толтыруы, оған өзінің ЭЦҚ қоюы;
2) 2 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ жіберу;
1 шарт - ЖТ/ЗТ МДҚ–да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің болуын тексеру;
3) 3 үдеріс - ЖТ/ЗТ МДҚ–да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің жо болуына байланысты деректерді алу мүмкінсіздігі себепті сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;
4) 4 үдеріс - электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркеу;
2 шарт – Ақпараттық жүйе көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық сұрау салуды тексеруді жүзеге асырады;
5) 5 үдеріс - 2 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
6) 6 үдеріс - тіркеу куәліктерін шығару және көрсетiлетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына орнатуға сілтемелер берілген тіркеу куәліктері сәтті шығарылғаны туралы хабарлама жіберу.
10. « Бербоут-чартер тізілімінде теңіз кемелерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың), көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы реттілігінің толық сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетілген.
«Бербоут-чартер тізілімінде теңіз
кемелерін мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысушы ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылының № 1-диаграмма
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысушы ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылының № 2-диаграмма
«Бербоут-чартер тізілімінде теңіз
кемелерін мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
« Бербоут-чартер тізілімінде теңіз кемелерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамасы
Полная версия
ИС BestProfi