Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2020
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік даму министрінің
 2015 жылғы 29 маусымдағы
 № 535 бұйрығына 6-қосымша
6-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 06 тамыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 22.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-84 Бұйрығына сәйкес 
1. Осы Ереже «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 1-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және оптика дүкенінің мәртебесі мен функцияларын айқындайды. 
2. Оптика дүкені медициналық оптика бұйымдарын дайындауды және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объект болып табылады.
3. Оптика дүкенінің қызметін жеке және заңды тұлғалар осы Ережеге сәйкес және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы заңына сәйкес (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) берілген фармацевтикалық қызметке лицензиясы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге және (немесе) бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшасы немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны болған кезде қамтамасыз етеді.
4. Оптика дүкені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған тәртіпте қауіпсіздік пен сапаны бағалаудан өткен және «Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Қазақастан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы заңына (бұдан әрі – Өлшемдер туралы заң) сәйкес өлшем құралдарының метрологиялық аттестаттаудан өткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алады және өткізеді.
5. Оптика дүкенінің негізгі міндеті халықты қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық оптика бұйымдарымен қамтамасыз ету болып табылады.
6. Оптика дүкені мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) медициналық оптика бұйымдарын дайындау және (немесе) өткізу, сақтау, жою;
2) медициналық оптика бұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензиясы және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшасы немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны бар өнім берушілерден сатып алу (әкелуден басқа);
3) орамаларды шолып қарау жолымен өнімді қабылдауды жүзеге асыру және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың таңбалануы мен қаптамасының Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкестігін, Кодексінің 75-бабында белгіленген ілеспе құжаттарының бар-жоғын, тасымалдау шарттарын анықтау;
4) жалған фармацевтикалық өнім табылған жағдайда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға хабарлау, сондай-ақ олардың таралуының алдын алуға ықпал ету;
5) халыққа медициналық оптика бұйымдарын қолдану мен сақтау жөнінде консультациялық және ақпараттық көмек беру.
7. Оптика дүкенінің үй-жайы, оның құрамы мен көлемдері дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келеді.
8. Оптика дүкенін жарақтандыру жүзеге асырылатын фармацевтикалық қызметтің көлемі мен сипатына сәйкес келеді және медициналық оптика бұйымдарының сапасын, қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді.
9. Орындалатын функцияларына сәйкес оптика дүкенінде:
1) медициналық оптика бұйымдарын сақтауға арналған сөрелер, шкафтар;
2) көзілдіріктерді дайындау кезінде: көзге салынатын линзаларды, көзілдіріктерді өңдеуге немесе дайындауға арналған жабдықтар;
3) санитариялық, сыртқы киімдер мен аяқ киімдерді бөлек сақтауға арналған шкафтар;
4) санитариялық режимді қамтамасыз етуге арналған дезинфекциялаушы құралдар мен шаруашылық мүкәммалдары;
5) электрмен жабдықтау, жылыту, сумен жабдықтау, ауаны баптау, желдету және кәріз жүйелері;
6) өрт сөндіру жүйелері мен кұралдары;
7) Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарына сәйкес калибрлеу мен тексеруден өткен сақтау үй-жайларындағы ауа параметрлерін өлшемге арналған құрылғы (термометр, гигрометр немесе психрометр) болады.
10. Оптика дүкенін басқаруды фармацевтикалық немесе медициналық білімі бар маман жүзеге асырады.
Медициналық оптика бұйымын дайындауды фармацетикалық, медициналық және техникалық білім бар маман жүзеге асырады.
11. Оптика дүкенінің персоналы фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
12. Көзге салынатын және көру қабілетін түзейтін линзалардың сапасын сақтау мен өткізуді қамтамасыз ететін қызметкерлердің фармацевтикалық немесе медициналық білімі болады.
13. Оптика дүкенінің персоналы өз қызметінің үдерісінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалардың, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының талаптарын, лауазымдық нұсқаулықтарды басшылыққа алады.
Полная версия
ИС BestProfi