Близость слов: Окончание:





Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығы 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 желтоқсанда № 12351 болып тіркелді
Редакция 16.02.2024 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Орман кодексiнің 63-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрі 
__________ Қ. Қасымов 
2015 жылғы 3 қараша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 23 қазандағы
№ 18-02/942
бұйрығымен бекітілген
Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.09.2016 жылғы № 395 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.11.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 21.01.2020 жылғы №19 Бұйрығымен (21.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.02.2024 жылғы № 19 Бұйрығына сәйкес (21.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 63-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және ормандардағы өрт қауіпсіздігінің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер, су объектілері және олардың үстіндегі әуе кеңістігі;
2) мемлекеттік орман иеленушілер – мемлекеттік орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берілген мемлекеттік ұйымдар;
3) минералдандырылған жолақ – бұл топырақтың минералды қабатына дейін топырақ өңдейтін құрал саймандармен өңделген және орман өртінің таралуын болдырмауға арналған, орманның шеті мен кварталаралық соқпағы бойынша құрылатын қорғаныс жолағы;
Полная версия
ИС BestProfi