1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 жылғы № 101 Бұйрығына сәйкес (30.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 277) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.11.2025 жылғы № 262 Бұйрығына сәйкес (18.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Ормандардың мемлекеттік мониторингi орман қорын күзету, қорғау, пайдалану және орман өсіру, ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласында мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен серпінін байқау, бағалау және болжау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2016 жылғы № 293 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3. Ормандардың мемлекеттік мониторингiн жүргiзудi осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырады.
2-тарау. Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргізу тәртiбi
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 жылғы № 101 Бұйрығына сәйкес (30.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік орман иеленушілер жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін ведомстволық тиесілігі бойынша орман қорында болған өзгерiстер туралы мәлiметтердi орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – Аумақтық бөлімше) және орман шаруашылығымен айналысатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі – Құрылымдық бөлімше) бередi.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.04.2023 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 05.05.2023 жылдан бастап)
5. Аумақтық бөлімшелер мен Құрылымдық бөлімшелер ормандардың мемлекеттік мониторингі бойынша материалдар дайындап, оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін мемлекеттік орман орналастыру ұйымына береді.
10. Мемлекеттік орман орналастыру ұйымы ормандардың мемлекеттік мониторингінiң нәтижелерi бойынша орман қорының жай-күйi туралы түсіндірме жазбаны жасайды және есепті жылдан кейінгі 1 маусымға дейін картографиялық материалдармен диаграммаларды қоса бере отырып, облыстық орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосына береді.