Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.04.2019
"Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылы 4 желтоқсандағы № 126 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 19.04.2019 жылғы № 29 Жарлығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 555-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
Бағдарламаның мақсаты мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаның мақсаты Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.»;
нысаналы индикаторлар мынадай редакцияда жазылсын:
1) мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін (2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 90%);
2) мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесін (2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%);
3) мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесін (2014 жылға қарай - 53%, 2017 қарай - 62%, 2020 жылға қарай - 72%);
4) тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесін (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 90%);
5) қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесін (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%);
6) республикадағы орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесін (2020 жылға қарай - 90%);
7) этномәдени бірлестіктер жанындағы қазақ және ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесін (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 80%);
8) республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 22%, 2020 жылға қарай - 25%);
9) республикадағы үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 17%, 2020 жылға қарай - 20%) ұлғайту.»;
Полная версия
ИС BestProfi