Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 29.12.2021
«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1036 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2021 жылғы № 954 Қаулысына сәйкес
1. «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 392-қүжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесінде:
2-тармақта:
«2) веб-камерасы бар ноутбук;»;
3-тармақта:
«1) тифлотаяқтар;»;
«4) сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук;»;
«8) дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұтқыр телефондар;».
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Полная версия