Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 197 қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 7 желтоқсанда № 12364 болып тіркелді
Редакция 01.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 269 Қаулысына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
2. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары - сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 387 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8329 тiркелген, 2013 жылғы 5 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде № 141 (28080) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары – сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесінде, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерінде, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібінде:
«1. Міндетті жарналар мөлшерлемесін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі – Қор) директорлар кеңесі бекітеді.
2. Ағымдағы қаржы жылына міндетті жарнаның негізгі мөлшерлемесін есептеу формуласын Қордың директорлар кеңесі бекітеді және ол әрбір 3 (үш) жылда қайта қаралуға жатады.
Міндетті жарнаның негізгі мөлшерлемесін есептеу кезінде қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесі ескерілмейді.
3. Әдістеменің 2-тармағына сәйкес айқындалатын міндетті жарна мөлшерлемесін Қор есептейді және ол есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан 0,35 (нөл бүтін жүзден отыз бес) пайыздан кем және есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан 2 (екі) пайыздан артық болмайды.»;
«5. Қор Әдістеменің 4-тармағында көзделген ақпаратты алғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жоғарылату коэффициентін ескере отырып, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісу бойынша міндетті жарналар мөлшерлемесін есептейді, бекітеді және оны қатысушы сақтандыру ұйымдарына жібереді.
Қатысушы сақтандыру ұйымдары жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы дәйексіз (толық емес) ақпаратты берген жағдайда, Қор міндетті жарналар мөлшерлемесін түзетуді жүргізеді. Бұл ретте, міндетті жарналар мөлшерлемесін азайтқан жағдайда, Қор қатысушы сақтандыру ұйымдарының артық төлеген сомаларын олардың ағымдағы қаржы жылы үшін төлейтін болашақ жарналары есебіне есептейді. Міндетті жарналар мөлшерлемесін ұлғайтқан жағдайда, қатысушы сақтандыру ұйымдары Қорға Әдістеменің 7-тармағында көзделген мерзімде қосымша сомаларды төлейді.
Міндетті жарнаның негізгі мөлшерлемесі қатысушы сақтандыру ұйымының жиынтық (біріктірілген) балл мөлшеріне қарай тиісті жоғарылату коэффициентіне негізгі мөлшерлемені көбейту жолымен жеке ұлғайтылады. Жиынтық (біріктірілген) балл алдыңғы қаржы жылының қорытындылары бойынша қатысушы сақтандыру ұйымының қаржылық жай-күйінің көрсеткіштері бойынша айқындалады, оның ішінде мынандай көрсеткіштер ескеріледі:
таза сақтандыру сыйлықақыларының (қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде) меншікті капиталға қатынасы;
сақтандыру сыйлықақыларының (қайта сақтандырушының үлесін ескергенде) меншікті капиталға қатынасы;
сақтандырудың кепілдік берілген түрінің сақтандыру ұйымының жиынтық сақтандыру портфеліндегі және жалпы нарықтағы үлесі;
сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылар берешегінің меншікті капиталға қатынасы;
төлем қабілеттілік маржасының жеткіліктілігі нормативін (Тмн) және өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін (Өжан) орындау;
Полная версия

