Близость слов: Окончание:





Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 желтоқсанда № 12452 болып тіркелді
Редакция 25.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 41-31) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 220 Бұйрығына сәйкес (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
       _______________ Е. Досаев 
2015 жылғы 25 қараша
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 10 қарашадағы
 № 1061 бұйрығымен
 бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.07.2017 жылғы № 510 Бұйрығымен сәйкес (10.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 951 Бұйрығымен (28.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 жылғы № 541 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы ] (бұдан әрі - Заң) және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 220 Бұйрығына сәйкес (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағида сертификаттау және «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік қызметті көрсетуді (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет), сондай-ақ жолаушылардың, багаждың, жүктің және почта жөнелтілімдерінің коммерциялық тасымалдарын (әуе тасымалдарын) жүзеге асыратын авиакомпаниялардың азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын (бұдан әрі - пайдаланушы сертификаты) тоқтата тұру және кері қайтарып алу тәртібін айқындайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 220 Бұйрығына сәйкес (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) атқарады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 220 Бұйрығына сәйкес (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы куәлігін беру үшін «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығында белгіленген тәртіппен төлем алынады (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32120 болып тіркелді).
1-тарау 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 25.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi