Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 желтоқсанда № 12522 болып тіркелді
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 02.06.2023 жылғы № 208 Бұйрығына сәйкес (27.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10530 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 сәуірде жарияланған).
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт
Үлгілік шарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 10.12.2018 жылғы № 491 Бұйрығына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
___________________________ «___»__________20__г. (шарт жасалған орын) _________________________________________________________________________, (энергия өндіруші ұйымның атауы, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, берілген күні мен органы)
бұдан әрі «Субъект» деп аталатын, бір тараптан және _________________________________________________________________________, (бірыңғай сатып алушының атауы, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, берілген күні мен органы)