Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2023
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1149 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 31 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес 
Редакция 30.11.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 84-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2015 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 1149 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.11.2018 жылғы № 735 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 84-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті қалыптастыру мен бекіту тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган – кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган);
2) кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есеп (бұдан әрі – есеп) – мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын реттеуші мемлекеттік орган қалыптастырған есеп;
3) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есеп (бұдан әрі – жылдық есеп) – уәкілетті орган қалыптастырған есеп;
4) реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есеп (бұдан әрі – РӘТ жөніндегі есеп) – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы қалыптастырған есеп;
5) реттеуші мемлекеттік органдар – мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын, реттегіш құрал енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған мемлекеттік органдар.
2-тарау. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту тәртібі
3. Жылдық есепті уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жыл қорытындылары бойынша есептердің және РӘТ жөніндегі есептердің негізінде қалыптастырады.
4. Есептер/РӘТ жөніндегі есептер реттеуші мемлекеттік органдардың/облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастырылады және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірілмей уәкілетті органға енгізіледі.
5. Есеп мыналар жөніндегі ақпаратты қамтиды:
Полная версия
ИС BestProfi