Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2015
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарификатор қызметтерінің шығын сыйымдылығы коэффициентін айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 284 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.09.2015 жылғы № 724 Бұйрығына сәйкес
«Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарификатор қызметтерінің шығын сыйымдылығы коэффициентін айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А. Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 23 сәуірдегі
№ 284 бұйрығымен бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарификатор қызметтерінің шығын сыйымдылығы коэффициентін айқындау әдістемесі
Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарификатордың шығын сыйымдылығы коэффициентін айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысының 14-тармағына сәйкес әзірленген.
Осы Әдістеме тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін консультациялық-диагностикалық көмек үшін медициналық қызметтерге арналған шығын сыйымдылығы коэффициентін айқындау тетігін белгілейді.
Шығын сыйымдылығы коэффициенті - нақты қызмет құнының базалық қызмет құнына қатынасы ретінде есептеледі.
Базалық қызмет - қызметтердің шығын сыйымдылығы коэффициенттерінің бар шкаласы үшін шығын сыйымдылығы бірлігінің құндықық баламасы. Базалық қызмет шығын сыйымдылығы шкаласын тарифтер жиынтығына есептеуге мүмкіндік береді.
Қызметтің шығын сыйымдылығы коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша айқындалады:
Экологиялық қолайсыз аймақтарда тұрғаны үшін үстемақы төлеу Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбекақы мен әлеуметтік салыққа және әлеуметтік сақтандыру жарналарына жеке өңірлік коэффиценттер бойынша жүзеге асыру ұсынылады.
Бір базалық қызметтің құны үшін терапевтің қабылдау қызметінің құны айқындалады.
Шығын сыйымдылығы коэффициентін есептеу үшін нақты медициналық қызметтің құнын айқындау қажет.
БЦЖ вакцинациясы қызметінің құны - 710 теңге.
Терапевтің қабылдау қызметінің құны - 294 теңге.
БЦЖ вакцинациясы қызметінің терапевтің қабылдау қызметіне қатынасы ретінде есептелген шығын сыйымдылығы коэффиценті 2,414-ке тең болады.
Полная версия
ИС BestProfi