Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-3/1084 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қаңтарда № 12897 болып тіркелді
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.08.2025 жылғы № 254 Бұйрығына сәйкес (19.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-2/331 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11092 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде, 2015 жылғы 12 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте қолданысқа енгізілмейді.
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.12.2019 жылғы № 441 Бұйрығына сәйкес (11.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 26) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымды өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.08.2025 жылғы № 254 Бұйрығына сәйкес (19.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін тұқым бойынша, өнімділік бағытындағы және ауыл шаруашылығы малдарының түрлері бойынша республикалық палаталар (бұдан әрі - Палата) береді.
5. Осы Қағидаларда фенотиптік көрсеткіштер болып малдың сыртқы, соның ішінде түсі және дене бітімі бойынша айқын білінетін белгілерінің жиынтығы түсініледі.