Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.04.2017
Қазақстан Республикасының
 Мемлекеттік қызмет істері
 министрінің
 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 12 бұйрығына 1-қосымша
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары
Қағида күшін жойды 2017 жылғы 19 сәуірінен бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21.02.2017 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес
Редакция 19.05.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабына сәйкес «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізудің тәртiбiн айқындайды.
2. Конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу конституциялық құқығын қамтамасыз етедi.
3. Конкурс «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бар (бұдан әрі – бос лауазымдар) мемлекеттік органмен өткiзіледi.
4. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы бар кезде мемлекеттік орган конкурсты өткізбей тұрып, сәйкес келетін лауазым санаты бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадрлық резервінде тұрған азаматтардың тізімін қарастырады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне қабылданған азаматтың мемлекеттік орган белгілеген бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, мемлекеттік орган оны Заңның 68-бабына сәйкес «Б» корпусының кадрлық резервінде болудың жылдық мерзімі өткенге дейін «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс өткізбей тағайындай алады.
Осы тармақ 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.
5. Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асыру үшін конкурс комиссиясын қалыптастырады.
6. Конкурс комиссиясының шешiмi бос лауазымға қабылдау немесе мұндай лауазымға қабылдаудан бас тарту үшін негiз болып табылады.
7. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оны өткізудің кез келген кезеңінде тоқтатылуға тиіс.
8. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс мынадай түрлерден тұрады:
9. Конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;
2) конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтардың құжаттарын қабылдау;
Полная версия
ИС BestProfi