Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.08.2025
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12717 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2025 жылғы 23 тамыздан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 жылғы № 52 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 08.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-3-бабының 8-тармағына және 230-бабына, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына, 20-бабының 5), 6), 11), 11-1), 11-2) және 11-3) тармақшаларына және 27-бабының 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.04.2022 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (15.06.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.03.2023 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (06.12.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.12.2019 жылғы № 95 Бұйрығына сәйкес (14.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.06.2021 жылғы № 62 Бұйрығы​мен (28.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.03.2023 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (06.12.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің веб-порталын пайдалану арқылы ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және жариялау тәртібі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іріктеу тәртібі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдердің болжамды тізбесі;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға кажетті сараптамалар жүргізуге койылатын талаптар;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын жәнемемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу әдістемесі;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін бөлу және бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы М. Құсайынов
 
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 30 қараша
Полная версия
ИС BestProfi