Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.10.2016
Мемлекеттік қызмет істері
министрінің 2016 жылғы
6 қаңтардағы № 2
бұйрығына 9-қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
Ереже күшін жойды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 13.10.2016 жылғы № 10 Бұйрығына сәйкес
Ереже күшін жойды 2017 жылғы 26 маусымнан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 23.05.2017 жылғы № 109 Бұйрығына сәйкес
Редакция 25.04.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) белгіленген құзыреттілік шегінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу салаларында реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, Департамент мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: 110007, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істер министрінің 25.04.2016 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес (06.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.06.2016 ж. "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Полная версия
ИС BestProfi