Газ және газбен жабдықтау саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 748 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 824 бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 ақпанда № 13031 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 23.11.2018 жылғы № 454 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.11.2018 жылғы № 78 Бірлескен бұйрығына сәйкес (24.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.11.2022 жылғы № 383 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 99 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 5-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 23.11.2018 жылғы № 454 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.11.2018 жылғы № 78 Бірлескен бұйрығына сәйкес (24.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.11.2022 жылғы № 383 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 99 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 23.11.2018 жылғы № 454 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.11.2018 жылғы № 78 Бірлескен бұйрығына сәйкес (24.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.11.2022 жылғы № 383 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 99 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
8) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
9) осы бірлескен бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;
16) осы бірлескен бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес автогаз толтыру компрессорлық станцияларының иелеріне қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы;