1. Қоса беріліп отырған «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
"Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 7-ө өкімі
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 7 өкімімен бекітілген
«Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық және құқықтық актiлердiң тiзбесi
| Р/с № |
Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы | Нормативтік құқықтық және құқықтық актiнiң нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзiмi | Нормативтiк құқықтық және құқықтық актiні сапалы және уақтылы әзірлеу мен енгізуге жауапты тұлға |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| 1. | «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2016 жылғы ақпан | Б.М. Жақсалиев |
| 2. | Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiк инспекцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2016 жылғы ақпан | Б.М. Жақсалиев |
| 3. | Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2016 жылғы ақпан | Б.М. Жақсалиев |
| 4. | Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2016 жылғы ақпан | Б.М. Жақсалиев |
| 5. | Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2016 жылғы ақпан | Б.М. Жақсалиев |
| 6. | Ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2016 жылғы ақпан | Б.М. Жақсалиев |
| 7. | Радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы ақпан | Б.М. Жақсалиев |
| 8. | Атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы ақпан | Б.М. Жақсалиев |
| 9. | Атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы ақпан | Б.М. Жақсалиев |
| 10. | Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы ақпан | Б.М. Жақсалиев |
| 11. | Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы ақпан | Б.М. Жақсалиев |
| 12. | Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы ақпан | Б.М. Жақсалиев |
| 13. | Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы ақпан | Б.М. Жақсалиев |
| 14. | Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы ақпан | Б.М. Жақсалиев |
| 15. | Радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы ақпан | Б.М. Жақсалиев |
| 16. | Ядролық материалдарды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы ақпан | Б.М. Жақсалиев |
| 17. | Тасымалдау қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы ақпан | Б.М. Жақсалиев |
| 18. | Радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы ақпан | Б.М. Жақсалиев |
| 19. | Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы ақпан | Б.М. Жақсалиев |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Полная версия

