Близость слов: Окончание:





Асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру (жою) қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-2/1079 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 ақпанда № 13035 болып тіркелді
Редакция 07.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.08.2025 жылғы № 254 Бұйрығына сәйкес (11.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сүтті және сүтті-етті тұқымды ірі қара малдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.08.2025 жылғы № 254 Бұйрығына сәйкес (11.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.08.2025 жылғы № 254 Бұйрығына сәйкес (11.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бірінші санаттағы етті тұқымды ірі қара малдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес екінші санаттағы етті тұқымды ірі қара малдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес сүтті және сүтті-етті тұқымды тұқымдық бұқа ұрығының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес сүтті және сүтті-етті тұқымды ірі қара малдың эмбриондарының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес етті тұқымды тұқымдық бұқа ұрығының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес етті тұқымды ірі қара малдың эмбриондарының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес биязы және биязылау жүнді тұқымды қойлардың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес ұяң жүнді және қылшық жүнді тұқымды қойлардың асыл тұқымдық куәлігінің (қаракөл және романов тұқымды қойлардан басқа) нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес қаракөл тұқымды қойлардың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес сүтті тұқымды ешкілердің асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес түбіт тұқымды ешкілердің асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес жүнді тұқымды ешкілердің асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес шошқалардың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес зауыттық тұқымды жылқылардың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
Полная версия
ИС BestProfi