Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 қаңтарда № 12880 болып тіркелді
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 10) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2020 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес (02.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 19.07.2024 жылғы № 571 Бұйрығына сәйкес (11.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 02.08.2017 жылғы № 529 Бұйрығымен (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2020 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес (02.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру және оны жою тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 06.01.2023 жылғы № 6 Бұйрығына сәйкес (08.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көші-қон саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.
2-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 01.09.2020 жылғы № 606 Бұйрығымен (31.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 15.06.2021 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (01.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 08.02.2022 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес (23.09.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 06.01.2023 жылғы № 6 Бұйрығына сәйкес (08.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) адам саудасының құрбаны – жасалған іс-әрекеттер бойынша қылмыстық іс қозғау фактісінің болуына қарамастан, адам саудасына байланысты құқық бұзушылықтан тікелей зардап шекті деп пайымдауға негіз бар жеке тұлға;
2) адам саудасының құрбанын бірдейлендіру – адамды адам саудасына, оның ішінде кәмелетке толмағандарға, оларды пайдаланудың өзге де түрлеріне байланысты іс-әрекеттер салдарынан әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгез қарым-қатынастан зардап шеккендерге жатқызу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 190 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 шiлдеде № 33002 болып тіркелді) әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгез қарым-қатынастың болуын бағалау өлшемшарттарына сәйкес адамдарды ұрлау;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 15.08.2023 жылғы № 642 Бұйрығына сәйкес (07.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 11.03.2024 жылғы № 219 Бұйрығына сәйкес (15.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)