Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 ақпанда № 13055 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
1. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
1 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 65-ерекшелiкпен толықтырылсын:
«65 Сот үкімдері бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тағайындалған айыппұлдар»;
3 «Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер» санатында:
01 «Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату» сыныбында:
1 «Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 07-ерекшелiкпен толықтырылсын:
«07 Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй-жайларды жекешелендiруден түсетін түсімдер»;
4 «Трансферттердің түсімдері» санатында:
01 «Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер» сыныбында:
1 «Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттер» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 15-ерекшелiкпен толықтырылсын:
Полная версия
ИС BestProfi