Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.11.2020
«Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 96 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 15 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 07.10.2020 жылғы № 643 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1191-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақтың үшінші абзацы 01.01.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы қаулының 2-тармағына сәйкес
«3. Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 6), 8) - 17) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi ұсынатын ақпарат операция жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникация желілері немесе XML пішімінде уәкілетті органның веб-порталы арқылы жіберіледі.
1-тармақтың төртінші абзацы 01.01.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы қаулының 2-тармағына сәйкес
Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектілері ұсынатын ақпарат операция жасалған және (немесе) анықталған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникация желілері, XML пішімінде уәкілетті органның веб-порталы арқылы немесе қағаз жеткізгіште жіберіледі.
1-тармақтың бесінші абзацы 01.01.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы қаулының 2-тармағына сәйкес
Қаржы мониторингі субъектісі ақпаратты осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделмеген тәсілмен жіберген жағдайда, уәкілетті орган бұл ақпаратты қарамай қайтарады.
1-тармақтың алтыншы абзацы 01.01.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы қаулының 2-тармағына сәйкес
Электрондық тәсілмен берілетін ақпараттың XML пішімін уәкілетті орган бекітеді.»;
1-тармақтың жетінші абзацы 01.01.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы қаулының 2-тармағына сәйкес
«11. Қажетті ақпаратты алу мақсатында уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісіне осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште немесе электрондық тәсiлмен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында республикалық дерекқорда тіркелген материалдарға жүргізіліп жатқан талдау шеңберінде қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру жөнінде сұрау салу жібереді.
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органнан электрондық тәсілмен қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру жөнінде сұрау салуды алған кезде уәкілетті органға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама жібереді.
Қаржы мониторингі субъектілері сұратылған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға Заңның 10-бабының 3-1-тармағында белгіленген мерзімде осы Қағидалардың 3 - 5-тармақтарында айқындалған тәртіпке сәйкес осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
Заңның 10-бабының 3-1-тармағы үшінші бөлігінің негізінде жіберілген сұрау салуды өңдеу үшін қосымша уақыт талап етілетін жағдайларда қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған уәкілетті органның электрондық мекенжайына осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салу мерзімін он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзарту туралы өтініш жібереді.»;
қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысанында (бұдан әрі – ҚМ-1 нысаны):
4-тармақ мынадай мазмұндағы 4.5-тармақшамен толықтырылсын:
Полная версия
ИС BestProfi