«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 25.10.2020
"Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13228 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес
1. «Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;
«1) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;»;
«1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Респубилкасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін;»;
«9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
жылжымалы құрамды мемлекеттік тізілімде мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тіркеуге не қайта тіркеуге жататын жылжымалы құрам паркінің тізбесі;
меншік құқығын растайтын құжат не мүліктік жалдау (жалға алу), лизинг не мүлікті сенімгерлік басқару шарты;
жылжымалы құрамының әрбір бірлігіне берген дайындауыш зауыттың техникалық паспорты (формуляры);
тартқыш, сондай-ақ мотор-вагонды жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу кезінде – тіркеу алымының бюджетке төленгенiн растайтын құжат;
уәкілетті өкілі жүгінген кезде - өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;
Полная версия