Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 16 қаулысы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13226 болып тіркелд
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуі қағидалары бекітілсін.
2. Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті (Молдабекова Ә.М.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2016 жылғы 28 қаңтардағы
 № 16 қаулысымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуі қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы » (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң), 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар рыногы туралы » (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын (бұдан әрі – ақша-кредит саясаты) жүргізуге, нарық коньюктурасының өзгеруінен болатын әлеуетті шығындар тәуекелін барынша азайтуға бағытталған шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін және Ұлттық Банктің алтын-валюта активтері (бұдан әрі – алтын-валюта активтері) және Ұлттық қордың (бұдан әрі – Ұлттық қор) активтері портфельдерінің кірістілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуі тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда Азаматтық кодексте, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда көзделген, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) алтын-валюта активтері портфелі – Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес алтын-валюта резервтерінен және өзге де активтерден тұратын портфель;
2) аутрайт мәмілесі – бір валютаны валюталау күні мәмілені жасау күнінен бөлек болатын басқа валютаға қарсы сатып алу туралы тараптар арасындағы келісім;
Полная версия
ИС BestProfi