«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 30.01.2019
"Байланыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 531 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13237 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 30 қаңтардан бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 27.12.2018 жылғы № 549 Бұйрығына сәйкес
1. «Байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 531 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11380 болып тіркелген, «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);»;
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 20 (жиырма) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут.»;
«1) Мемлекеттік корпорация – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – сенбі аралығында сағ. 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз.»;
«9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкілдің: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
нөмірлеу ресурсын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай телекоммуникациялар желісінің нөмірлеу ресурсын бөлуге өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
Полная версия