«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2017
"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 40 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13303 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 28.04.2017 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес
1. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11040 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тіркеу үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы, қайта тіркеу үшін – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.»;
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған стандарттар, техникалық шарттар (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады), дайындаушы (өндіруші) куәландырған технологиялық нұсқаулар, ерекшеліктер, рецептуралардың көшірмелері;
дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде:
Еуразиялық экономикалық одағының аумағында дайындалатын өнімнің сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапасы туралы куәліктің немесе дайындаушының хатының көшірмелері (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады);
Еуразиялық экономикалық одағының аумағынан тыс жерлерде дайындалатын өнімдердің сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, талдау сертификатының, сапасы туралы куәліктің, еркін сауда сертификатының немесе дайындаушының хатының (белгіленген тәртіппен куәландырылған, орыс тілінде аудармасы бар) көшірмелері (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
бақылаудағы тауарларды қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі (бар болғанда);
өтініш беруші куәландырған бақылаудағы тауарларға арналған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері немесе олардың макеттері;
өтініш беруші куәландырған тағамға биологиялық белсенді қоспалардың ерекше белсенділігі туралы құжаттардың көшірмелері (белгісіз құрамдауыштары, ресми емес жазбалары бар препараттар үшін);
Полная версия