Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.04.2022
«Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 596 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 150 қаулысы
Осы Қаулы 2022 жылғы 5 cәуірден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.03.2022 жылғы № 141 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы №596 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №48, 662-қужат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Туа біткен және жүре пайда болған аурулардан, сондай-ақ жіті, созылмалы аурулар мен жарақаттардың салдарынан зардап шегетін ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер және олардың отбасы мүшелері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қалпына келтіру еміне және медициналық оңалтуға жіберіледі.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Полная версия
ИС BestProfi