Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2017
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 3 сәуірдегі
 № 307 бұйрығына
 7-қосымша
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2016 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (03.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Стандарт күшін жойды 2017 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 28.04.2017 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші): 
Комитет – санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары білімі бар мамандарға жоғары санатты беру үшін; 
Комитеттің аумақтық департаменттері – санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі орта білімі бар мамандарға жоғары санатты, жоғары және орта білімі бар мамандар үшін екінші және бірінші санатты беру үшін көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; 
2) «электрондық үкімет»: www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 жылғы № 291 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезінде - 22 (жиырма екі) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге берілген ең ұзақ уақыт - 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетуге берілген ең ұзақ уақыт - 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті беруші бекітетін, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған әңгімелесуді өткізу кестесіне сәйкес алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес біліктілік санатын беру туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Куәлік кәсіптік даярлықты бағалаудың және әңгімелесудің оң нәтижесі болғанда беріледі.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.06.2016 жылғы № 291 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi