Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.08.2021
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 9 сәуірдегі
 № 319 бұйрығына
 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды 2021 жылғы 31 тамыздан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.08.2021 жылғы № 441 Бұйрығына сәйкес 
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 20.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.12.2018 жылғы № 898 Бұйрығына сәйкес (22.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (07.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.07.2019 жылғы № 506 Бұйрығына сәйкес (21.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.09.2015 жылғы № 635 Бұйрығына сәйкес (09.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.11.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 20.01.2016 жылғы № 20 Бұйрығымен (10.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.12.2018 жылғы № 898 Бұйрығына сәйкес (22.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.07.2019 жылғы № 506 Бұйрығына сәйкес (21.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.12.2018 жылғы № 898 Бұйрығына сәйкес (22.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Порталға өтініш берген кезде мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 20.01.2016 жылғы № 20 Бұйрығына сәйкес (10.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2018 жылғы № 467 Бұйрығына сәйкес (22.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқcат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақтың бiрiншi бөлiгі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (07.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 
Полная версия
ИС BestProfi