Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.05.2018
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 31 шілдедегі № 839
 бұйрығына 7-қосымша
«Индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарттың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2016 жылғы № 309 Бұйрығына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2018 жылғы 15 мамырдан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 26 Бұйрығына сәйкес
Редакция 30.03.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2016 жылғы № 309 Бұйрығына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – КҚКО) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2016 жылғы № 309 Бұйрығына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік кызмет көрсету өтініштерін қабылдау көрсетілетін қызметті беруші немесе КҚКО арқылы жүзеге асырылады, нәтижелерді беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтініш тапсырған сәттен бастап – 17 (он жеті) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші үш жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарың қабылдаған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісін анықтаған кезде көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – шығындардың орнын толтыру жөніндегі келісім.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2016 жылғы № 309 Бұйрығына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз жүзінде.
7. «Мемлекеттік қызмет заңды тұлғалар - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2016 жылғы № 309 Бұйрығына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
Полная версия
ИС BestProfi