Близость слов: Окончание:





«Мемлекеттік пошта төлем белгілерін және филателия өнімдерін шығару, өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Мемлекеттік пошта төлем белгілерін және филателия өнімдерін шығару, өткізу қағидаларын бекіту туралы
«Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік пошта төлем белгілерін және филателия өнімдерін шығару, өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі:  
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі Д. Абаев
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің бұйрығымен
бекітілген «___» __________
201_ жыл № ___
Мемлекеттік пошта төлем белгілерін және филателия өнімдерін шығару, өткізу қағидалары
1. Мемлекеттік пошта төлем белгілерін және филателия өнімдерін шығару, өткізу осы қағидалар (әрі қарай – Қағидалар) «Пошта туралы» Қазақстан Респубикасының Заңының 5-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және Дүниежүзілік пошта одағының (әрі қарай – ДПО) актілеріне сәйкес өңделді. 
2. Қағидалар мемлекеттік пошта төлем белгілерін және филателия өнімдері шығару, айналымға енгізу, өткізу, айналымнан алу мен алыну тәртібін реттейді.
3. Ұлттық пошта операторы пошта байланысы саласындағы уәкілетті орган бекіткен түрлер мен көлемдерге сәйкес, мемлекеттік пошта төлем белгілерінің шығарылымы мен өткізуін ұйымдастырады.
4. Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
Полная версия
ИС BestProfi