Близость слов: Окончание:





«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10156 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (100.00-нысан);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (100.00-нысан);  
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны (101.01-нысан);  
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны және (101.02-нысан);  
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төлеуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының салық есептілігін (есебiн) және декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының салық есептілігін (есебiн) жасау қағидалары (101.01 – 101.02-нысандар);  
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны (101.03-нысан);  
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес резиденттің табысына төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (101.03-нысан);  
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны (101.04-нысан);  
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (101.04-нысан);  
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (110.00-нысан);  
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (110.00-нысан);  
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (130.00-нысан);
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (130.00-нысан);
Полная версия
ИС BestProfi