Близость слов: Окончание:





«Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидалары бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет - ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет - порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
________________Ә. Исекешев 
2016 жылғы «____» ____________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «____» ____________
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидалары
1. Осы Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу тәртібін анықтайды.  
2. Кодекстің 160-бабының 1-тармағына сәйкес Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі (бұдан әрі – ЛШТМТ) – ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүргізетін, ашық қолжетімді түрде орналастырылған эмиссияның жай-күйі және қоршаған ортаның ластануы туралы құрылымдалған дерекқор.
3. ЛШТМТ Кодекстің 160-бабының 3-тармағына сәйкес ластауыш заттардың шекті жол берілетін шоғырлануы, олардың денсаулыққа және қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратты, сондай-ақ ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдары бойынша басқа да ғылыми негізделген ақпаратты және табиғат пайдаланушылар туралы ақпаратты қамтиды.
Полная версия
ИС BestProfi