Близость слов: Окончание:





«Жекелеген тауар нарықтарында жэне (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Жекелеген тауар нарықтарында жэне (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына және 119-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жекелеген тауар нарықтарында жэне (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) уақытша мемлекеттік бага реттеуді енгізу қағидаларын бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы ¥лттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу жэне бәсекелестікті қоргау комитеті Қазақстан республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялауга жіберуді;
3) Осы бүйрықты Қазақстан Республикасы ¥лттық экономика министрлігінің Интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бүйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының ¥лттық экономика вице- министрі А.А. Әріпхановқа жүктелсін.
4. Осы бүйрық алгашқы ресми жарияланган күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
¥лттық экономика министрінің
2016 жылғы « »
№ бұйрыгымен бекітілген
Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына (жүмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидалары
1. Осы Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына (жүмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қагидалары (бұдан әрі - Қагидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабы 3-тармагының 9) тармақшасына және 119-бабына сәйкес әзірленді жэне жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу тәртібін айқындайды.
2. Уақытша мемлекеттік баға реттеу туындаган проблемаларды бәсекелестік жай-күйі үшін теріс салдары аз тәсілмен шешу мүмкін болмаган жагдайда, табиғи монополия жагдайындагы емес тауар нарықтарында белгілі бір жагдайларда, оның ішінде төтенше жагдайлар, дүлей зілзалалар, үлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде енгізіледі.
3. Жекелеген тауар нарықтарында жэне (немесе) жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына (жүмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) уақытша мемлекеттік бага реттеу бір жыл ішінде күнтізбелік бір жүз сексен күннен аспайтын мерзімге енгізіледі.
4. Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) уақытша мемлекеттік бага реттеу Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындау үшін монополияга қарсы органның шешімімен, сондай-ақ жеке және заңды түлгалардың негізінде осы Қагидалардың 2-тармагында көзделген негіздер болтан жагдайда, монополияга қарсы органның бастамасы бойынша енгізіледі.
5. Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына (жүмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу үшін міндетті шарт монополияға қарсы органның тиісті шешімін жариялау болып табылады.
6. Монополияға қарсы органның уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы шешімі:
1) жекелеген тауар нарықтарында ол ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік күннен ерте емес;
2) жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына (жүмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) оған қол қойылған күні қолданысқа енгізіледі.
7. Уақытша мемлекеттік баға реттеу мерзімі:
1) жекелеген тауар нарықтарында - монополияға қарсы орган шешімінің қолданысқа енгізілу күні;
2) жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына (жүмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) - монополияға қарсы орган ведомствосының шекті бағаны белгілеу туралы шешімі шыгарылган күні басталады.
8. Уақытша мемлекеттік бага реттеу мерзімі күнтізбелік күнмен саналады.
9. Монополияға қарсы органның уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы шешімімен ол қолданысқа енгізілгенге немесе оны енгізу негіздерін жойган (жогалған) жагдайда, уақытша мемлекеттік бага реттеу мерзімі аяқталганга дейін жойылуы мүмкін.
2. Жекелеген тауар нарықтарында уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы
10. Монополияга қарсы органның жекелеген тауар нарықтарында уақытша мемлекеттік бага реттеуді енгізу туралы шешімімен:
1) тауар нарыгы (тауардың атауы, тауар нарығының географиялык шекаралары);
2) белгілі бір тауар нарыгында нарық субъектілері өндіретін (өткізетін) тауарлардың (жүмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) шекті багасы;
3) уақытша мемлекеттік бага реттеу қолданысының мерзімі белгіленеді.
11. Белгілі бір тауар нарыгында нарық субъектілері өндіретін (өткізетін) тауарлардың (жүмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) шекті багасын монополияга қарсы орган:
1) статистика органдарының тиісті тауар нарыгының тауарларына (жүмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) багалар туралы ресми деректерінің негізінде:
2) статистика органдарының ресми деректері болмаган кезде - уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, нарық субъектілерінен, олардың бірлестіктерінен жэне аталған ақпаратты талдаудан алынатын тиісті тауар нарыгындагы тауарларга (жүмыстарга, көрсетілетін қызметтерге) багалар және (немесе) субъектілік қүрам туралы ақпаратты сүрату нәтижелері бойынша айқындайды.
жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша бухгалтерлік теңгерім;
4) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша пайда және залал туралы есеп;
5) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10125 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 71 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша еңбек жөніндегі есеп;
6) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10074 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы ¥лттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 50 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қаржы-шаруашылық қызмет туралы есеп;
7) Нормативтік қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша ақша қаражатының және материалдық емес активтердің қозғалысы туралы есеп;
8) тұтастай кәсіпорын бойынша жэне жеке әрбір түр бойынша шығын баптарын таратып жазып, босату бағаларын есептеу үшін қабылданған кірістер мен шығыстар туралы жиынтық деректер;
9) шикізат пен материалдар шығысының қолданылатын нормалары туралы мәліметтер;
10) инвестициялық бағдарламалар (болған кезде);
11) ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу - қалпына келтіру жүмыстарына бағытталатын шығындардың жылдық сметасы;
12) негізгі қүралдарды пайдалану мерзімдерін көрсете отырып, амортизациялық аударымдардың есебі;
13) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізудің нақты және жоспарланған көлемін растайтын қүжаттар;
Бүл ретте негіздеуші материал ретінде қүжаттар беру алдындағы төрт тоқсан ішіндегі жэне өткен күнтізбелік жыл ішіндегі нақты деректер үсынылады.
18. Нарық субъектісінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) шекті бағаны қалыптастыру кезінде өзіндік қүнда тауарларды (жүмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге тікелей жататын, негіздеуші материалдармен расталған шығыстар:
1) растаушы қүжаттарда (шарттар, шот- фактуралар) көзделген бағаларға және материалдық ресурстардың нақты көлеміне сүйене отырып, өнімнің, тауарлардың (жүмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бірлігін шығаруға шикізат, материалдар, отын, энергия, материалдық ресурстар шығыстарының қолданылатын нормаларына және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларына сүйене отырып айқындалған материалдық шығыстар;
2) еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар және үстемеақылар төлемдерін қоса алғанда, персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары ескеріледі. Бүл ретте еңбекақы төлеу шығыстарын айқындау кезінде персоналдың нақты саны және орташа айлық жалақы есепке алынады.
Нарық субъектісінің әкімшілік персоналына еңбекақы төлеу шығыстары он еседен аспайтын нарық субъектілері қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларының ең төменгі жэне ең жоғары деңгейінің арасындағы арақатынасқа сүйене отырып шектеледі.
3) тікжелілік (біркелкі) есептеу әдісі бойынша есептелген және негізгі құралдар қүнының өсуіне алып келетін күрделі жөндеу жүмыстарын жүргізуге және инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға бағытталатын негізгі қүралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдарына шығыстар;
4) осындай жүмыстың қажеттілігі туралы растайтын қүжаттардың (осындай жүмыстың қажеттілігін құжаттамалық техникалық растау, жиынтық сметалық есептер, объектілік, жергілікті жэне ресурстық сметалар (әрбір объекті бойынша жеке) жэне т.б.) негізінде бағаның шығын бөлігіне енгізілетін негізгі қүралдар қүнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулерге жэне басқа да жөндеу жүмыстарына нарық субъектісі жүмсайтын қаражат;
5) өндірілетін (өткізілетін) тауарға (жүмысқа, көрсетілетін қызметке) тікелей қатысты растаушы қүжаттардың негізінде шекті бағаның шығын бөлігіне енгізілетін өзге өндірістік (өткізілетін) шығыстар;
6) инвестициялық бағдарламаны (болған жағдайда) іске асыруға қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар;
7) қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеуге;
8) кезең шығыстарында ескерілетін міндетті сақтандыру түрлеріне, салықтарға, алымдарға жэне бюджетке басқа да төлемдерге шығыстар.
19. Шекті бағаны қалыптастыру кезінде өзіндік қүнда тауарларды (жүмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тікелей өндіруге (өткізуге) жатпайтын, сондай-ақ негіздеуші материалдармен расталмаған шығыстар ескерілмейді.
20. Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаны қалыптастыру тауарлардың (жүмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) эрбір түрі бойынша шығындардың бөлек есебін жүргізу негізінде жүзеге асырылады.
21. Нарық субъектісінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрлері бойынша шығындардың бөлек есебі болмаған жағдайда, нарық субъектісінің шығындары нарық субъектісінің жалпы шығындарындағы кірістердің шартты салмағы (көлемі, өндірістік персоналға еңбекақы төлеу шығындары) бойынша тауарларды (жүмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін нарық субъектісі қызметінің белгілі бір түріне жататын шығындарды айқындауды көздейтін жанама әдістердің негізінде өткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрлері бойынша бөлінеді.
22. Шекті бағаға енгізілетін пайда деңгейін монополияға қарсы органның ведомствосы тауарларға (жүмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілетін қызметтерді көрсетуге тікелей қолданысқа енгізілген, қолдағы бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарды реконструкциялауға, техникалық жарақтандыруға, жаңа активтерді құруға жэне сатып алуға тартылған ағымдағы қарыз (болған жағдайда) кәсіпорынның міндеттемелерін ескере отырып айқындайды.
23. Монополияға қарсы органның ведомствосы қүжаттарды қарау кезінде нарық субъектілерінен қосымша ақпаратты сүратуға құқылы. Мүндай жағдайда қүжаттарды қарау мерзімі қосымша ақпарат алынғанға дейін тоқтатыла түрады.
24. Нарық субъектісінің тауарларға (жүмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаны бекітуге арналған қүжаттарын монополияға қарсы орган ведомствосының қарау мерзімі күнтізбелік жиырма күннен аспауға тиіс.
25. Нарық субъектісі белгіленген мерзімде шекті бағаны бекітуге өтінімді үсынбаған жағдайда, монополияға қарсы органның ведомствосы бағаны статистика органдарының, салалық мемлекеттік жэне жергілікті атқарушы органдарының тиісті немесе ұқсас тауар нарығында үқсас тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің бағалары туралы деректерінің негізінде бекітеді.
26. Осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген жағдайда нарық субъектісінің тауарларына (жүмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) шекті баға соңғы үш жыл ішінде тиісті немесе үқсас тауар нарығындағы тауарларға (жүмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың орташа мәнінен аспайтын мөлшерде жэне елдің әлеуметтік - экономикалық даму факторлары ескеріле отырып белгіленеді.
27. Монополияға қарсы органның ведомствосы шекті бағаның жобасын мүдделі нарық субъектілерінің, олардың бірлестіктерінің, мемлекеттік және атқарушы органдарының қатысуымен өткізілетін жария тыңдауларға шығарады.
28. Монополияға қарсы органның ведомствосы қүжаттарды қараудың белгіленген мерзімінде нарық субъектілерінің тауарларына (жүмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) шекті бағаны белгілеу туралы шешім қабылдайды.
29. Тауарларға (жүмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаны белгілеу туралы шешім мүдделі нарық субъектілеріне бір күндік мерзімде жіберіледі.
Полная версия
ИС BestProfi