Близость слов: Окончание:





«Мемлекеттік сатып алуды реттеу қағидалары мен рәсімдері туралы 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің арасындағы Хаттамаға қол қою туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Мемлекеттік сатып алуды реттеу қағидалары мен рәсімдері туралы 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің арасындағы Хаттамаға қол қою туралы
Қазақстан Республикасының ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген Мемлекеттік сатып алуды реттеу қағидалары мен рәсімдері туралы 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің арасындағы Хаттама жобасы мақұлдасын.
2. Мемлекеттік сатып алуды реттеу қағидалары мен рәсімдері туралы 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің арасындағы Хаттамаға қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.  
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Мемлекеттік сатып алуды реттеу қағидалары мен рәсімдері туралы 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы ХАТТАМА
Бұдан әрі тараптар деп аталатын Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы мемлекеттер Үкіметтері, 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың 6-бабының ережелерін бастамашылыққа ала отырып, экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ниетін растай келе, еркін сауда аймағының тиімді жұмыс істеу өажеттігін ескере отырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің еркін қозғалысы үшін жағдайлар қалыптастыру мақсатында төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
 Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу сферасында реттеудің мақсаттары мен принциптері  
1. Тараптар мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу (бұдан әрі - сатып алу) саласында реттеудің мынадай мақсаттары мен қағидаттарын айқындайды:
сатып алу саласындағы қатынастарды мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен және олардың мемлекеттері қатысушы болып табылатын халықаралық шарттармен реттеу;
мүше мемлекеттерде сатып алу үшін пайдаланылатын қаражаттың оңтайлы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;
сатып алудың ақпараттық ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету;
осы Хаттамаға қатысушы бір мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес дайындалған электрондық цифрлық қолтаңбаны осы Хаттамаға қатысушы басқа мүше мемлекеттің өзара тануы арқылы электрондық форматта жүргізілетін сатып алуға қатысуға мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілері мен өнім берушілерінің кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;
Тараптардың сатып алу саласында уәкілетті реттеуші және бақылаушы билік органдарының болуын қамтамасыз ету (осы функцияларды бір органның орындауына жол беріледі);
осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеу;
сатып алу саласында бәсекелестікті дамыту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа және басқа да теріс пайдаланушылықтарға қарсы іс-қимыл жасау.  
Полная версия
ИС BestProfi