Близость слов: Окончание:





«Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін оның біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін оның біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы «6» сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларын;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) тіркелген осы бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму
министрі Т. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
__________________Д. Абаев
2016 жылғы «___» ______________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі  
__________________А. Мырзахметов
2016 жылғы «___» ______________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
__________________Е. Сағадиев
2016 жылғы «___» ______________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
__________________Ә. Исекешев
жылғы «___» ______________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі  
__________________Б. Сұлтанов
2016 жылғы «___» ______________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
__________________Е. Ыдырысов
2016 жылғы «___» ______________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________Қ. Бішімбаев
2016 жылғы «___» ______________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
__________________Қ. Қасымов
2016 жылғы «___» ______________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
__________________Қ. Бозымбаев
2016 жылғы «___» ______________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы « » бұйрығына
1-қосымша
Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру тәртібі қағидалары
Полная версия
ИС BestProfi