Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экология мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 213 Заңы
1-бап.
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар):
1) мынадай мазмұндағы 240-1-баппен толықтырылсын:
"240-1-бап. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу талаптарын бұзу
Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу талаптарын бұзу, -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
2) 243-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"243-бап. Қоршаған ортаға экологиялық рұқсатта белгiленген эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не экологиялық рұқсаттың болмауы
Қоршаған ортаға экологиялық рұқсатта белгiленген эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не экологиялық рұқсаттың болмауы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға эмиссиялар көлемiн асырып жiбергенi үшiн қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлем ставкасының бiр мың процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
3) 261-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"261-бап. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу, сарқынды суды ағызып жiберу талаптарын бұзу";
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу, сондай-ақ сарқынды суды ағызып жiберу талаптарын бұзу, -";
4) 554-бапта:
бiрiншi бөлiк "шаруашылық" деген сөзден кейiн "және өзге де" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiкте:
Полная версия