. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 наурыздағы N 240 Заңы
1-бап
1. 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж, N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; 2007 жылғы 12 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 13 наурызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
1) 70-бапта:
бiрiншi және екiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген және сот тағайындаған жазаны толық өтеудi қажет етпейтiн адамды сот құқық бұзбайтын мiнез-құлқы, еңбекке (оқуға) адал қарағаны, көркемөнерпаздар ұйымдарының жұмысына және тәрбиелiк iс-шараларға белсендi қатысқаны, қылмысымен келтiрген залалын өтеу жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн сот тағайындаған жазадан шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуы мүмкiн. Бұл орайда ол адам қосымша жаза түрiн өтеуден толық немесе iшiнара босатылуы мүмкiн.
2. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамдарға жазасының өтелмеген қалған бөлiгi iшiнде тiзбесi Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 178-2-бабында белгiленетiн мiндеттер жүктеледi.";
үшiншi бөлiктiң в) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"в) аса ауыр қылмысы үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісiн өтегеннен кейiн қолданылуы мүмкiн.";
алтыншы бөлiктегi "оған" деген сөз алып тасталып, "мамандандырылған уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "iшкi iстер органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi бөлiктiң а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"а) бiрнеше рет әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасап, ол үшiн оған әкiмшiлiк жаза қолданылса немесе өзiне Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 178-2-бабымен жүктелген және сот жүктеген мiндеттердi орындаудан әдейi жалтарса, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуды қолдану кезiнде сот осы баптың алтыншы бөлiгiнде аталған органдардың ұсынуы бойынша шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою және жазаның өтелмеген бөлiгiн орындау туралы қаулы ете алады;";
сегiзiншi бөлiк "ауыстырылған" деген сөзден кейiн ", жазасын өтеу кезеңiнде қасақана қылмыс жасаған, сондай-ақ бұрын шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 72-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "бip жылға дейiнгі немесе бала он төрт жасқа толғанға дейiнгi" деген сөздер "бес жылға дейiнгi мерзiмге, бiрақ бала он төрт жастан аспайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 360 және 361-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"360-бап. Қылмыстық-атқару мекемесi әкiмшiлiгiнiң талаптарына қасақана бағынбау
1. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамның қылмыстық-атқару мекемесi әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарына қасақана бағынбауы, -
бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет жасалған нақ сол әрекет, сол сияқты түзеу мекемесi немесе тергеу изоляторы әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру, -
Полная версия