1. 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы N 254 Заңы
1-бап
1995 жылы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 4, 217-құжат; 1998 ж., N 20, 245-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
"3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады.".
2. 5-бапта:
1) 1-тармақтағы "Қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік" деген сөздер "Мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 2-тармақтағы ", қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға" деген сөздер алып тасталсын.
3. 9-баптағы "нышандары" деген сөз "рәміздері" деген сөзбен ауыстырылсын.
4. 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.".
5. 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ұстауға болады.".
6. 34-баптың 2-тармағындағы "нышандарын" деген сөз "рәміздерін" деген сөзбен ауыстырылсын.
7. 41-бапта:
1) 1-тармақтағы "жеті" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 2-тармақтағы "кемінде он бес" деген сөздер "соңғы он бес" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. 42-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.".
9. 43-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
Полная версия