. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 11, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6; 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 314 Заңы
1-бап
1) 14-баптағы»"әкімшілік жазаға тартуға" деген сөздер "әкімшілік жауапкершілікке тартуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 36-бап мынадай мазмұндағы 3-2-бөлікпен толықтырылсын:
"3-2. Әкімшілік жаза барлық заңды тұлғаларға қатысты бірдей дәрежеде қолданылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырылатын қызмет түріне, қызметкерлердің санына және активтердің бір жылдағы орташа жылдық құнына байланысты шағын немесе орта не ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар үшін көзделген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікте болады.";
3) 45-баптың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларындағы және 46-баптың үшінші бөлігіндегі "немесе оның тікелей объектісі" деген сөздер "не нысанасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 48-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "тиісінше орындалмаған сомасының," деген сөздерден кейін "аударылмаған (уақтылы аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының," деген сөздермен толықтырылсын;
5) 49 және 50-баптардың тақырыбындағы және бірінші бөлігіндегі "немесе оның тікелей объектісі" деген сөздер "не нысанасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 71-1-баптың бірінші бөлігі "158-1," деген цифрлардан кейін "158-2," деген цифрлармен толықтырылсын;
7) 75-бап "кәмелетке толмаған адамды" деген сөздерден кейін "сот," деген сөзбен толықтырылсын;
8) 9-1-тараудың тақырыбы "қол сұғатын" деген сөздерден кейін "және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
9) мынадай мазмұндағы 79-5-баппен толықтырылсын:
79-5-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер
1. Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй заттарына зақым келтіру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
Ескерту: Отбасы-тұрмыстық қатынастар деп:
бірге тұратын немесе тұрған;
Полная версия