Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529 Конституциялық заңы
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентiн ұйымдастыруды және оның қызметiн, оның депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 377 Конституциялық Заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңына сәйкес (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзiмi - бес жыл. Кезекті сайланған Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады және келесі сайланған Парламенттің біріншi сессиясы жұмысының басталуымен аяқталады. Бұл орайда Парламент сайланымының кезектiлігі Мәжіліс сайланымының кезектілігімен айқындалады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 377 Конституциялық Заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Парламенттiң және Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР 19.06.2007 жылғы № 266 Конституциялық Заңымен (11.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап. Республика Парламентi қызметiнiң құқықтық негiздерi
3-бап өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 377 Конституциялық Заңымен(16.10.1995 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Республика Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және Республиканың басқа да заң актiлерiмен белгiленедi.
2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбір үш жылда қайта сайланады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 377 Конституциялық Заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР19.06.2007 жылғы № 266 Конституциялық Заңымен (11.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Сенаттың он депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша Республика Президенті тағайындайды.
3-тармақ өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 377 Конституциялық Заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ өзгертілді ҚР19.06.2007 жылғы № 266 Конституциялық Заңымен (11.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (02.06.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын тоқсан сегіз депутаттан тұрады.
4-тармақ өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 377 Конституциялық Заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ өзгертілді ҚР19.06.2007 жылғы № 266 Конституциялық Заңымен (11.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (02.06.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Алпыс тоғыз депутат – біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер бойынша саяси партиялардан, жиырма тоғызы бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша жасырын дауыс беру кезінде жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде сайланады.