Близость слов: Окончание:





Республикалық референдум туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592 Конституциялық заңы
Тақырып өзгертілді  ҚР 06.05.1999 жылғы № 376 Конституциялық Заңымен (02.11.1995 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 17.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының  Конституциясына   сәйкес республикалық референдумды тағайындау, әзірлеу және өткізу тәртібін белгілейді.
Кіріспе  өзгертілді  ҚР 06.05.1999 жылғы № 376 Конституциялық Заңымен(02.11.1995 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Республикалық референдум ұғымы
1. Республикалық референдум - Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру.
2. Референдум Республиканың бүкiл аумағында өткiзiледi.
2-бап. Республикалық референдум талқысына қойылатын мәселелер
1) Республика  Конституциясын  , конституциялық заңдарын, заңдарын қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу;
2) Республиканың мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiн шешу қойылуы мүмкiн.
3-бап. Республикалық референдумның талқысы бола алмайтын мәселелер
1) адамның және азаматтың конституциялық құқығы мен бостандығының бұзылуына әкелiп соғатын;
2) мемлекеттің тәуелсіздігін, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Республика қызметінің түбегейлі қағидаттарын, Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланады және бір адам бір реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды деген ережені өзгерту;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңына сәйкес (04.05.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Конституциялық заңы 05.05.2022 жылғы № 119-VII Заңына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңымен (05.05.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы мен шекараларының;
4) сот әдiлдiгi, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және қоғамдық тәртiптi қорғау;
Полная версия
ИС BestProfi