Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 20 ақпандағы N 138-IV Заңы
. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы    кодексіне    (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; N 20, 88-құжат; 2008 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының   Заңы   ; 2008 жылғы 23 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 20 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының   Заңы   ; 2008 жылғы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының   Заңы   ; 2008 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының   Заңы   ; 2008 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының   Заңы   ):
тақырыптағы "немесе өзге адамның" деген сөздер алып тасталсын;
бірінші абзацтағы "немесе бухгалтерлік құжаттамаға қол жеткізе алатын өзге адамның" деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтағы "айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі" деген сөздер "жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
"184-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның дұрыс емес аудиторлық есепті жасауы
1. Осы Кодекстің 185-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, аудитордың және аудиторлық ұйымның дұрыс емес аудиторлық есепті жасауы -
аудиторларға - сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымға жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның көрінеу дұрыс емес аудиторлық есепті жасауы -
біліктілік куәлігінен айыра отырып, аудиторларға - жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, аудиторлық ұйымдарға екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекет -
біліктілік куәлігінен айыра отырып, аудиторларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, аудиторлық ұйым әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекеттер -
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып, аудиторлық ұйымдарға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
3) 184-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"184-1-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзу
Полная версия
ИС BestProfi