Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 сәуiрдегі № 97-1 Заңы
Редакция 01.01.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң 1930 жылғы 7 маусымдағы Аударым және жай вексельдер туралы бiрыңғай заңды белгiлейтiн конвенцияға, Аударым және жай вексельдер туралы заңдардың кейбiр үйлеспеушiлiктерiн шешу мақсатын көздейтiн конвенция мен Аударым және жай вексельдерге қатысты елтаңба алымы жөнiндегi конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасындағы вексель айналысын реттейдi және төлем құралы мен несие қаражаты ретiнде вексельдiң қызметiн белгiлейдi.
Аваль- вексель кепiлдiгi, соған орай оны жасаған тұлға вексель бойынша мiндеттi басқа тұлға үшiн вексель жөнiндегi төлемдi жасауға (толық немесе бiр бөлiгiн) өзiне мiндеттеме қабылдайды.
Заң өзгертілді ҚР 09.07.2003 жылғы № 482-ІІ Заңына сәйкес
Акцепт- вексель төлемiне берiлетiн жазбаша келiсiм.
Аллонж- индоссаменттер жасау үшiн вексельге қосымша парақ.
Қола вексель-ойдан шығарылған тұлғаға жазылған вексель.
Вексель валютасы-вексельдiң сомасы көрсетiлген ақша бiрлiгi.
Вексель берушi - вексель берген заңды немесе жеке тұлға.
Вексель ұстаушы - вексельде көрсетiлген ақша сомасын алуға құқығы бар вексель иесi.
Вексель - бiржақты сөзсiз ақшалай мiндеттеменi бiлдiретiн қатаң белгiленген нысандағы төлем құжаты.
Вексель қағазы - белгiлi бiр қорғалу дәрежесi бар және оған вексель жасауға арналған елтаңбалы қағаздың бiр түрi.
Грациялық күн - вексельде белгiленген төлем мерзiмi ұзартылатын жеңiлдiк берiлген күн.
Дисконт - төлем мерзiмi басталғанға дейiн вексельдердi есепке алу кезiнде алынатын процент.
Заң өзгертілді ҚР 09.07.2003 жылғы № 482-ІІ Заңына сәйкес
Ұғымдардың он екінші бөлігі өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 168-VІ Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Домицияландырылған вексель- үшiншi тұлға төлеушiнiң атынан және соның есебiнен төлеушiнiң тұрғылықты жерiнен өзге жерде төлеуге тиiс вексель, бұл жайында вексельдiң өзiнде көрсетiледi.
Достық вексельдерi- вексель берушiнiң ол бойынша төлем жасау ниетiнсiз, осы вексельдердi екiншi деңгейдегi банктерде өзара есепке алу арқылы ақша қарастыру мақсатымен ғана тұлғалар бiр-бiрiне беретiн вексельдер.
Заң өзгертілді ҚР 09.07.2003 жылғы № 482-ІІ Заңына сәйкес
Индоссамент- вексель сыртындағы немесе аллонждағы табыстау жазбасы, бұл осы вексель бойынша иелену құқығының басқа тұлғаға берiлгенiн куәландырады.
Индоссант- вексельдi табыстаушы тұлға.
Индоссат - табыстау жазбасы бойынша вексель арнайы аударылатын тұлға.
Полная версия
ИС BestProfi