Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiң және оның меншiгiнiң иммунитетi, аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 5 ақпандағы 249-IV Заңы
. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат):
«1102-бап. Мемлекеттiң шетелдiк элементi бар азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуы
1. Мемлекет қатысатын шетелдiк элементi бар азаматтық-құқықтық қатынастарға, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, осы бөлiмнiң ережелерi жалпы негiздерде қолданылады.
2. Қазақстан Республикасы шетелдiк элементi бар азаматтық-құқықтық қатынастарда, егер:
Қазақстан Республикасының халықаралық шартында;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарты болып табылмайтын жазбаша келiсiмде;
сотта мәлімдеме жасау немесе нақты iс қарау шеңберiнде жазбаша хабардар ету арқылы өзгеше белгiленбесе, соттық иммунитеттi, талап қоюды қамтамасыз етуден иммунитеттi және сот актiсiн мәжбүрлеп орындатудан иммунитеттi қоса алғанда, басқа мемлекет соттарының юрисдикциясынан өзiне және өзiнiң меншiгiне қатысты юрисдикциялық иммунитеттi пайдаланады.».
2. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық iс жүргiзу және Азаматтық iс жүргізу кодекстерiне сот жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы  ; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бiлiктi заң көмегiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы  ):
1) 33-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасының және оның меншiгiнiң юрисдикциялық иммунитетiн шет мемлекеттiң бұзуынан келтiрiлген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, талап қоюшының тұрған жерi бойынша берiледi.»;
2) 159-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
«Шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасының аумағындағы корреспонденттiк шотындағы ақшаға тыйым салуға Қазақстан Республикасының және оның меншiгiнiң юрисдикциялық иммунитетiн шет мемлекеттiң бұзуынан келтiрiлген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жол берiледi.»;
3) 249-баптың 5) тармақшасы «аралық соттың» деген сөздерден кейiн «немесе халықаралық коммерциялық төреліктiң» деген сөздермен толықтырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 46-тараумен толықтырылсын:
«46-тарау. Шет мемлекеттiң және оның меншiгiнiң юрисдикциялық иммунитетi
Полная версия
ИС BestProfi