Близость слов: Окончание:





Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы № 439-II Заңы
Редакция 01.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004  ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша өзгертілді ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004  ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 31.12.2021 жылғы № 100-VII Заңымен (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-1-тармақша толықтырылды  ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004  ж. редакцияны қараңыз)
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
1-1-тармақша алынып тасталды ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-2-тармақша толықтырылды  ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004  ж. редакцияны қараңыз)
1-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
1-2-тармақша алынып тасталды ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-3) қорап – картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекi өнiмiнiң белгiлi саны бар тұтыну ыдысының бiрлiгi;
1-3-тармақша толықтырылды  ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004  ж. редакцияны қараңыз)
1-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
1-4) орам – белгiлi қорап саны бар топтап тұтыну ыдысының бiрлiгi;
1-4-тармақша толықтырылды  ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004  ж. редакцияны қараңыз)
1-4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
1-5) сәйкестендiру – белгiлi бiр өнiмдi өндiру, айналымға шығару (айналысы), пайдалану саласында оны өзiне ұқсас өнiмнiң арасында айырым белгілерi бойынша ауыстырмай тануды қамтамасыз ететiн рәсiм;
1-5-тармақша толықтырылды  ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004  ж. редакцияны қараңыз)
1-5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
1-6) сәйкестендіру құралы – штрих код түрінде ұсынылған немесе радиожиілік белгісіне жазылған немесе автоматты түрде сәйкестендірудің өзге құралы (технологиясы) пайдаланыла отырып ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей тізбегі;
1-бап 1-6-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
1-6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 31.12.2021 жылғы № 100-VII Заңына сәйкес (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-7) таңбалау – тұтынушыға арналған ақпаратты құрайтын және қорабы мен орамындағы мәтiн, шартты белгi және суреттер;
1-тармақ 1-7-тармақшамен толықтырылды ҚР 31.12.2021 жылғы № 100-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) темекi өнiмдерiнiң айналымы - темекi өнiмдерiн экспорттау, импорттау, сақтау, көтерме және бөлшек саудамен өткiзу;
3) темекi өнiмдерiн көтерме саудамен өткiзу - темекi өнiмдерiн одан әрi қайта сату үшiн өткiзу (жөнелту);
4) өндiрiс паспорты - темекi өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстiк қуаттарының көрсеткiштерiн, өндiрiстiң технологиялық процесiн сақтау үшiн қолда бар жабдықтарды пайдалануды реттейтiн оның негізгі сипаттамаларын көрсететiн құжат;
5) темекi өнiмдерiн өндiрушi - сату үшiн темекi өнiмдерiн өндiретiн жеке немесе заңды тұлға;
5-1) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 03.12.2015 жылғы № 432-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2016 жылдан бастап)
5-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-1-тармақша алынып тасталды ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi – стандарттау жөнiндегi құжаттарға сәйкес келетiн темекi өнiмдерiн дайындауды қамтамасыз ететiн технологиялық процестер жиынтығы;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (30.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) темекi өнімдері – шегу, сору, шайнау, иіскеу немесе тұтынудың өзге де тәсілдері үшін, оның ішінде темекіні қыздыруға арналған жүйелердің немесе кез келген өзге де аспаптың көмегімен пайдаланылатындай етіп дайындалған шикізат ретінде темекі жапырағынан және (немесе) темекі өсімдігінің басқа бөліктерінен толығымен немесе ішінара жасалған өнімдер;
7-тармақша өзгертілді ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004  ж. редакцияны қараңыз)
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңына сәйкес (26.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 07.07.2020 жылғы № 361-VI Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi