Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV Заңы
1-бап.
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
1) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
«10-1-бап. Әкімшілік преюдиция
Осы Кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген жағдайларда үлкен қоғамдық қаупі жоқ қылмыс үшін, егер әрекет дәл осындай әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасалған болса, қылмыстық жауаптылық туындайды.»;
2) 39-баптың бірінші бөлігінің ж) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«ж) абақтыда ұстау;»;
3) 40-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жазалаудың негiзгi түрi ретiнде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейi жалтарған жағдайда, ол осы Кодекстiң 42, 43-баптарында көзделген қағидалар сақтала отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үш еселенген мөлшерiне сәйкес келетін айыппұл сомасының орнына тиiсiнше бiр ай түзеу жұмыстарына немесе сексен сағат қоғамдық жұмыстарға тарту есебімен қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартумен ауыстырылады.»;
4) 41-баптың төртінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі «қамауға алуға немесе» деген сөздер алып тасталсын;
5) 42-баптың екінші бөлігінде:
екінші сөйлемдегі «46,» деген цифрлар және «, қамауға алумен» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші сөйлемдегі «, қамауға алудың» деген сөздер алып тасталсын;
6) 43-баптың төртінші бөлігіндегі «, қамауға алу» деген сөздер алып тасталсын;
7) 45-баптың бірінші бөлігі бірінші абзацының бірінші сөйлеміндегі «бес» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«46-бап. Абақтыда ұстау
1. Абақтыда ұстау сотталған әскери қызметшіні тағайындалған жазаның барлық мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстауды білдіреді.
Полная версия