Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 25 наурыздағы № 421-IV Заңы
Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне  (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 жылғы 26 қаңтарда «Егемен  Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы  ; 2011 жылғы 8 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 5 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы  ):
бірінші сөйлем «жүзеге асырады» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, құқықтарынан бас тартады» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлемдегі «шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын» деген сөздер «оның заңнамаға қайшы келмейтін кез келген талаптарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормалары Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының негізгі бастауларына қайшы келмейді.»;
3) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесілі құқықтардың жүзеге асырылмауы, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтардың тоқтатылуына әкеп соқпайды.»;
«меншікке» деген сөз «меншік құқығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шаруашылық басқару» деген сөздер «шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару» деген сөздермен ауыстырылсын;
«адамдардың» деген сөзден кейін «(жас балалардың)» деген сөздермен толықтырылсын;
«ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының» деген сөздер «заңды өкілдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 22-баптың 1-тармағындағы «ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының» деген сөздер «олардың заңды өкілдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «ата-анасының, асырап алушыларының немесе қамқоршысының» деген сөздер «оның заңды өкілдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
Полная версия
ИС BestProfi